«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Қайрат Берікұлы Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Astana TV.
Үкімет баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды.