Автобус жүргізушісі адам қағып кетті

Фото: pixabay

Астанада Байтұрсынов көшесінде IVECO маршруттық автобусының жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Astana TV. 

Көліктің кілт тоқтауы салдарынан үш жолаушы түрлі жарақат алған. Төрт зардап шегуші де ауруханаға жеткізілді деп хабарлады Полиция департаменті.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.