Жамбыл облысында Apple, Puma, Hugo Boss және өзге де танымал брендтердің атауымен жалған өнім сатқан 16 адам жауапқа тартылды. Сот оларды жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асатын айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Astana TV.
Тексеруге бренд өкілдерінің шағымдары негіз болған. Биылғы тоғыз айда өңірде Apple, iPhone, AirPods, Puma, Hugo Boss және Splat белгілері бар 504 тауар тәркіленді. Олардың жалпы құны 2 миллион теңгеге жуық.
Жалған өнімдердің саны да артқан. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 403 тауар тәркіленсе, биыл бұл көрсеткіш 504-ке жетіп, шамамен 25 пайызға өскен.