Ресейдің Алтай өлкесіндегі Зарин ауданында тұратын әйел жалған шақырулар үшін екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды Astana TV.
Әйел алдымен 112 нөміріне қоңырау шалып, екі ер адамның өзін ұрып жатқанын айтқан. Арада он минут өткен соң үйде өрт шыққанын, сыртқа шыға алмай, тұншығып жатқанын хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен жедел қызмет өкілдері ақпараттың жалған екенін анықтады. Әйел ішімдік ішіп отырып, іші пысқандықтан полиция шақырғанын және тәртіп сақшыларымен бірге ішімдік ішкісі келгенін түсіндірген.
Сот әйелге әрбір құқық бұзушылық үшін 1 000 рубльден айыппұл салды.