Бүгін Құрылтай қабырғасында мемлекет басшысының жолдауында жүктелген экономикалық және инфрақұрылымдық міндеттер кеңінен талқыланды. Жиында Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері баяндама жасады. Халықты толғандырған жол сапасы, таза ауыз су, жылу және газбен қамту сынды өзекті инфрақұрылымдық мәселелер ашық айтылып, олардың шешу жолдары сараланды. Президент өз Жолдауында Құрылтай депутаттарына зор сенім артатынын атап өткен еді. Осы орайда, халық қалаулылары басты назарды өңірлердегі түйткілді жоюға аударатынын айтады.
ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Алдағы уақытта біздің құрылтай мүшелері өңірлерге шығып, осы президент жолдауын, үгіт насихат жұмыстарымен шығады деп жоспарға енгізіліп отыр. Біздің Құрылтай депутаттары барлық жиырма өңірге барып шығады.