Қазіргі экономикалық даму қарқынын сақтау үшін инфрақұрылымға назар аударуымыз қажет, - саясаттанушы

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2026

Еліміздің қазіргі көлік инфрақұрылымы 2030 жылдан кейін тапшылықты сезе бастайтын еді. Әсіресе, Қазақстанды логистикалық хабқа айналдыру жұмыстары қомақты қаражатсыз жүзеге асырылмайды. Сондықтан, Мемлекет басшысы жолдауда осы мәселені дер кезінде көтерді. Бұл – саясаттанушы Риззат Тасымның пікірі. Сөзіне дәлел ретінде, сарапшы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зерттеуін көрсетеді. Еліміз қос дүние бөлігі және мұхиттарға шығу жобаларының күретамыры. Сондықтан, транзиттік әлеуетті оңтайлы пайдаланып, экономикалық дамуға жол ашу – басты міндет. 

РИЗЗАТ ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ең алдымен биылғы жолдау әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіне арналды. Осымен алдыңғы жолдаулардан ерекшеленеді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншісі ретінде Қазақстандағы өзгерген демографиялық ахуалды айтар едім. Екіншіден, қазіргі экономикалық даму қарқынын сақтау үшін инфрақұрылымға назар аударуымыз қажет.