Қызылордалық жастар жолдауда көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты

Қызылордалық жастар «BIRTOLQYNDA»  диалог алаңында пікір алмасты. Олар жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты ойларын ортаға салды. Құрылыстың қарқын алуы, ауылшаруашылығы бағытындағы жұмыстардың жандануы, әсіресе, жас мамандар үшін маңызды дейді олар. Диалог алаңына «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай және сарапшы мамандар қатысты. Жастар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар, Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды. 


ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жолдауында айтылған мәселелерін жастармен бірге талқылап, жастар үшін қандай қолайлы бағыттары бар, жастар үшін қандай жақсы жақтары бар және де алдағы уақытта жастарға қандай көптеген көмегі тигізетіні барлығы жастар үшін өте маңызды. 100 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады деп жатыр. Сол жұмыстардың барлығы жастарымызға керек деп есептейміз.