Қызылжарда қаңғыбас иттер 9 қойды талап өлтірген

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2026

Қызылжарда қаңғыбас иттер 9 қойды талап өлтірген. Оқиға облыс орталығының қасындағы Прибрежное ауылында болды. Иттер түнгі уақытта жеке үйдің ауласына кіріп, қорада тұрған жануарларды бірінен соң бірін талаған. Аш төбеттер қойлардың мойын тұсынан тістеп, тұмсықтарын жарып тастаған. Тұрғындардың айтуынша, бұралқы иттердің шабуылы Прибрежный елдімекені үшін таңсық емес. Жабайы төртаяқтыдан жәбір көрген ауыл жұрты балалары үшін алаңдаулы. 

АЙТЖАН НҰРТАЗИНА, ПРИБРЕЖНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жиырма қойдың сегізі жатты, кеше көрді бәрі, тоғызыншысы бүгін ақсап, өліп қалды. Тоғыз басты талап кетті. Балалардан қорқамыз. Менің внуктарым бар. 

Ауылда қаңғыбас иттер мәселесі тығырыққа тірелді. Бұралқы жануарларды атуға заңмен тыйым салынған. Жақын жердегі арнайы тәлімбақтарда бос орын тапшы. Ал жаңасын салуға қаржы қолбайлау болса керек. 

ДӘУРЕН РАМАЗАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ПРИБРЕЖНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ветеринарный станция аулап, алып барады. Бірақ алып барған соң, бірақ 5 күннен қайтадан әкеліп қою керекпіз. Ол иттерді атуға жарамайды. Сондай мәселелер қазір көп. Пмтомниктің қазір барлық құжаттары сәйкес келгесін, жылдың аяғына дейін шешіледі деп ойлаймын.