Uniserv Medical Center: хирургиядағы жаңа мүмкіндіктер

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2026

Артық салмақтан арылудың тиімді жолы бар. Астанада өткен халықаралық United Medical Expo көрмесінде Орал қаласындағы Uniserv Medical Center заманауи емдеу тәсілдерін таныстырды. Көпбейінді медициналық орталық мамандары хирургия мен диагностиканың мүмкіндіктерін көрсетіп, негізгі жұмыс бағыттарымен бөлісті.{СЮЖЕТ}

2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық бүгінде медицинаның 27 бағыты бойынша қызмет көрсетеді. Соның бірі -бариатриялық хирургия. Бұл  семіздікті хирургиялық жолмен емдеудің заманауи әдісі. Операция нәтижесінде дене салмағы азайып, артық салмақпен байланысты кейбір аурулардың жағдайы жақсаруы мүмкін. 

АЛМАТ ОРАЗОВ, ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГ:

Бариатриялық хирургия лабороскапиялық әдіспен жасалынады. Нәтижелері жақсы. Соңғы бір жылда 30-ға жуық ота жасалды біздің клиникада. Адам 60-80 пайыз артық салмағынан айрылады. Асқазан кішірейеді. Эвакуация пищи дейді ғой. Тамақтың пассажы өзгертіледі. Сол себептен салмақ түседі. Екінші дәрежелі қант диабетінен емдеуге болады. 

Орталықта пластикалық және реконструктивті хирургия бағыттары да бар. Мұнда туа біткен және жүре пайда болған ақауларды түзету, күйіктен кейінгі деформацияларды қалпына келтіру және эстетикалық операциялар жасалады. Сонымен қатар, көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері қолданылып, лазерлік көру түзету, глаукома мен катарактыны емдеу және күрделі офтальмологиялық операциялар жүргізіледі.

ТИМУР АЖҒАЛИЕВ, «UNISERV MEDICAL CENTER» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз ұсынатын қызметтер ауқымы өте кең. Оған диагностикалық және емдік қызметтер, соның ішінде терапиялық және хирургиялық бағыттар кіреді. Клиникамыздың бірегей бағыттарының қатарында жатыр миомасын радиожиілікті абляция әдісімен емдеу және бариатриялық хирургия бар. Сонымен қатар, клиникамызда ең сұранысқа ие қызметтердің бірі – чекап бағдарламалары. Олар халық арасында жиі кездесетін ауруларды ерте анықтауға және денсаулық жағдайын кешенді бағалауға бағытталған.

Орталық мамандарының айтуынша, медициналық көмектің сапасы заманауи жабдықпен қатар, дұрыс диагностикаға, дәрігерлердің кәсіби тәжірибесіне және пациентті кешенді бақылауға да байланысты. Ал басқа өңірлерден келетін азаматтарға медициналық маршрутты ұйымдастыру, көлікпен жеткізу және орналастыру мәселелері бойынша көмек көрсетіледі.