Оралда роботтар қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынады

Оралда роботтар қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынады. Оқушылар құрастырған техника әуелі арқан тартысып, асық атты. Ал ептілері қыз қуудан сайысқа түсті. Республикалық «NatRoboCom-2026» робототехника және жасанды интеллект жарысына еліміздің сегіз өңірінен келген 150-ге жуық оқушы қатысты. Мұндағы мақсат - жас өнертапқыштардың инженерлік қабілетін шыңдап, ұлттық құндылықты заманауи технологиямен ұштастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар балалардың тәжірибе алмасып, техникаға қызығушылығын арттырады. Сондықтан ойын шартын қиындатып, барынша күрделі қылыпты.

БАҚЫТЖАН МӘУЛЕНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

8-13 жастағы балаларға арналған. Өте қызықты. Балалар шоу сияқты көреді. Ол жерде робот деген бұрын қыз қууда бір жігіт қуып, бір робот қыз болып қашатын еді. Биыл фигура қоямыз. Робот жақындап, айқындауы керек кім екенін. Идентификация жасауы керек. Мен қызбын ба, әлде жігітпін бе? Сосын логиканы қосып, "мен қызбын" десе, оң жақпен қашуы керек. Ал жігіт робот дөңгелекті көргенде "жігітпін" деп оны қууы керек.