Азаматтық кодекс реформасы: Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша талқылау өткізді

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2026

Цифрлық технологиялардың дамуы азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудің жаңа тәсілдерін талап етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Азаматтық кодексті қайта қарап, цифрлық экономиканың талаптарына сәйкестендіруді тапсырған еді. Аталған міндет аясында Құрылтай депутаттары, Әділет министрлігінің өкілдері мен құқық саласының сарапшылары жаңа Азаматтық кодекстің құқықтық негіздерін талқылады. Жиында қолданыстағы заңнамадағы олқылықтарды жою, заттық құқық институтын реформалау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ электронды мәмілелерді, цифрлық активтерді, платформалық экономиканы және жасанды интеллектіні құқықтық реттеу бағыттары қарастырылды. Кездесу қорытындысында айтылған ұсыныстар жаңа Азаматтық кодекстің жобасын әзірлеу барысында одан әрі пысықталмақ. 

НҰРСҰЛТАН БАЙТІЛЕСОВ,  "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

90 жылдардан бері келе жатқан көптеген өзгерістер енгізілді. Басты мақсатымыз - қазіргі заман үдерісінге байланысты көптеген меншік форматы да өзгеріп жатыр, соған сәйкестендіру. Азаматтық кодекстен шығатын заңдардың барлығында өзгерістер мен жаңартулар болғандықтан оның ең басты түбірі Азаматтық кодекс те дұрысынан жазылуы тиіс.