Мұғалімдер толтыратын 25 құжат бесеуге дейін қысқарады. Себебі педагогтер бір мәліметті әр плафтормаға қайталап енгізуге мәжбүр. Нақты не алынып тасталады? Ұстаздар енді негізгі міндетімен айналыса ала ма? Әйгерім Есенкелді білді.
ӘЙГЕРІМ ЕСЕНКЕЛДІ, ТІЛШІ:
Мұғалімнің толтырған есебі емес, шәкіртіне берген білімі маңыздырақ. Бұған дейін қағазбастылық жыр болды. Ал қазір ұстаздар түрлі цифрлық платформаларға мәлімет енгізіп әлек. Үзілісте мектептің кез келген бұрышына отыра кетіп, тіпті автобуста да толтырып отырады.
Ақгүл Құлакова ұстаздық жолда 10 жылдық тәжірибесі бар білікті педагог, сынып жетекшісі. Ол сынып алғаны үшін қосымша берілетін 10 мың теңгенің еңбекке сай емес екенін айтады. Ұстаз өз сыныбының жұмысымен айналысуы үшін жеке штат бөлінуі қажет деп есептейді.
АҚГҮЛ ҚҰЛАКОВА, ҰСТАЗ:
Платформа туралы көп сұрақтар туындап жатыр басқа әріптестерімнің қатарынан: «Неге артық ақпарат толтырамыз?» деген сияқты. Ата-анасының жаңадағы әлеуметтік паспортын, жаңадағы тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының ИИН-і деген сияқты. Сабақ беріп жатқан уақытта да, сабақ беру уақыты енді біз мен, мысалы, екінші сменде жұмыс жасаймын. Хабарласып қалады жаңадағы «мына мәліметті толтырып жіберіңіздер, мына кестені толтырып жіберіңіздер» деген. Сол кестені толтырып жіберуіміз керек болады сабақ барысында. Біздің басты міндетіміз – балаға саналы тәрбие беру, сапалы білім беру.
Қысқартылған тізімге сабақ жоспары, оқушы үлгерімі туралы мәліметтер, қосымша білім беру педагогтерінің, сабақтан тыс жұмысының есебін алу журналы сынды құжаттар кіреді. Білім саласында 70-тен астам цифрлық жүйе мен сервис қолданылатыны анықталды. Енді оларды біріздендіріп, есеп қайталанбайтындай етпек.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
Педагогтардың жұмысын бюрократиядан арылту мақсатында министрлік бұл 25 құжаттар тізімін 5-ке дейін қысқартуды қарастыратын болады. Бірыңғай цифрлық архитектураны қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуді бастады. +LMS жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялауды міндеттеу жоспарлануда.
Ал сарапшылар мектептегі мәселелерді құжатты қысқартумен шешуге болмайды дейді. Қоғамда мұғалім беделін елегісі келмейтіндер мен пысқырып қарамай дікендейтін оқушылар да бар. Қағазбастылық дәл осы себептен басталады дейді сарапшы.
ГҮЛБАНУ ҚАЛТӨРЕ, САРАПШЫ:
Бізде артық жүктеме қай кезде пайда болады? Егер мектептің барлық құжаттарын, артық жүктемені біз құжатқа байланысты болсақ, ол дұрыс емес деген шешім деп есептеймін. Сарапшы ретінде мектептегі ең бірінші тәртіп-тәрбие мәселесін қолға алу керек. +Мектептегі артық жүктеменің барлығы ата-ананың өз баласына деген жауапкершілігінің дұрыс болмауының нәтижесінде шығады.
Премьер-министр 10 желтоқсанға дейін мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі. Мағжан Жұмабаев ұстаздың беделін осылай өсиет еткен. Мұғалім жұмысын жеңілдетпекке жасалған барлық тапсырма іс жүзінде көрініс тапса игі.