Елдің дамуына кедергі келтіретін артық рәсім қысқартылып, мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан арылуы тиіс. Осылайша мемлекеттік қызметшілерге қойылар талап күшейеді. {КСМ: }Мамандардың айтуынша, олар кәсіби білікті болуы тиіс. Бұл үшін жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеп, жетілдіру қажет. Яғни, шендінің емес, азаматтың мүддесі басты орында болса ғана халыққа қызмет ету моделі түбегейлі өзгереді. Сонда қарамағындағылармен дөрекі сөйлесетін әдепсіз басшылар мен бұқараны балағаттайтын арсыз әкімдер азаяды. Құқыққорғау саласы мен өзге де өкілетті орган өкілдеріне қатысты әлеуметтік желідегі келеңсіз видеолар - биліктің беделіне көлеңке түсіретін көрініс. Сондықтан жаңадан қабылданар әдеп қағидаты көзбояушылыққа жол бермейтін шынайы реформа болмақ.
ТҰРАР ШАЙХИЕВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:
Қызметтік этика, жалпы деген мына мораль этика мәселелері олар бірінші орында тұруы қажет. Мемлекеттік қызмет агенттігінде Әдеп комиссиясы деген бар, жұмыс істеп тұр. Меніңше сол Әдеп комиссиясының жұмысын нақты қолға алу керек сияқты. Оның жалпы өкілеттілігін кеңейтіп, Әдеп кеңесінің, осындай дөрекі әрекеттер болатын болса басшы тарапынан қызметкерге қатысты, бұл деген меніңше қатаң жазалануы керек деп санаймын.