«Президент өз жолдауында ЖИ халық игілігі үшін жұмыс істеу керектігіне ерекше тоқталды» - сарапшы

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2026

Цифрландыру мен Жасанды Интелектті пайдалануда жетістікке жеттік деп, мақтануға болмайды. Озық технологиялар, ең алдымен халық игілігіне жұмыс істеуі керек. Мемлекет басшысы өз жолдауында осыны меңзеді, - дейді сарапшы Нұржан Сәуленқызы. Парламентаризм институты ғылыми зерттеу орталығының басшысы Президент көтерген өзекті мәселеге тоқталды. Мемлекеттік қызметтердің цифрландыру рейтингтерінде дамыған елдердің өзін басып озғанымызбен, атқарылатын жұмыс әлі де бар. Қасым-Жомарт Тоқаев қайталанатын міндеттер мен органдар арасындағы қарама-қайшылықты жою қажеттігін ескертті. Ол мақсатта, Жасанды Интеллектіні пайдалану азаматтардың мемлекеттік қызмет алуын одан ары тиімді ететіні айтылды.

НҰРЖАН СӘУЛЕНҚЫЗЫ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Әрбір мемлекеттік мекеме өзінің атқаратын қызметінде қағазбастылық, қайталатын жұмыстардан арылып,цифрландыру қажеттілігіне тоқталды. Әрине, бұл өте тиімді кезең. Қазіргі, цифрландыру, ЖИ заманында түрлі платформаларды тиімді пайдалану керек.