«Әділет» партиясының бағдарламасы аясында Өскеменде заманауи Гематология орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2026

Өскемен қаласында өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған заманауи Гематология орталығы ашылды. Жаңа нысанның құрылысы «Әділет» партиясының тұрақты бақылауында болып, жобаның жүзеге асырылу барысын партия депутаттары қадағалады. Олар құрылыс алаңына бірнеше рет барып, нысанды аяқтау мерзімі, қаржыландыру және мамандар даярлау мәселелерін көтерді. Сонымен қатар мердігер компаниямен және облыс әкімдігімен тұрақты байланыс орнатты. Басты назар медициналық кешенді уақытында пайдалануға берумен қатар, оны заманауи технологиялармен жабдықтауға аударылды. Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа орталық отандық медицинаның әлеуетін арттырып, тұрғындарға жоғары технологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда күрделі операциялар жасалып, ауыр дерттерді диагностикалау мен емдеу жолға қойылады. Нәтижесінде науқастардың шетелге барып емделу қажеттілігі азаяды.

ЕРЛАН САЙЫР, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Нысанды салу «Әділет» партиясының бақылауында болды. Нысанды қаржыландыру ары қарай іске асыру кезінде көптеген қиындықтар болды. Бірақ Үкіметтің, жергілікті басшылықтың және «Әділет» партиясының қарым-қатынасының арқасында бүгін шығыс қазақстандықтар үлкен, зәулім денсаулық орнына кіріп жатыр.