Тауға шығатын туристер қауіпсіздік үшін арнайы сайтқа алдын ала тіркеле алады

Фото: ТЖМ

Алматыда туристерге тауға шығатын сапары туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік беретін Almaty Hike онлайн-сервисі іске қосылды

Бастаманың негізгі мақсаты - демалушылардың қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметтерінің жедел әрекет етуіне жағдай жасау, деп хабарлайды Astana TV.

«Таудағы қауіпсіздік әр туристің жауапкершілігінен басталады. Жолға шықпас бұрын маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын ескеріп, өзіңіздің физикалық мүмкіндіктеріңізді бағалап, оның аяқталғаны туралы да хабарлау қажет», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Дамир Ермағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Almaty Hike сайты арқылы туристер маршруттың қай уақытта басталатыны туралы ақпаратты алдын ала енгізіп, байланыс деректерін қалдыра алады.