Орманды қалпына келтіруге 300 млн теңге бөлінді

gov.kz

Қазақстанда орман алқаптарын қалпына келтіру және орман қорын ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осы мақсатта ашық тамыр жүйесі бар кәдімгі қарағайдың 3 миллион көшетін отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды Astana TV.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жасалған келісімшарт аясында 300 млн теңге көлеміндегі қаржылық қолдаумен жүзеге асырылуда.

Бастаманың негізгі мақсаты – орман қорын қалпына келтіру, орман алқаптарының ауданын ұлғайту және табиғи экожүйелерді сақтау.

Қарағай көшеттерін отырғызу – болашақ орманды қалыптастыруға, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Бүгінгі көшет – ертеңгі орман!