Орал өзені жағасында қамыс өртенді

Фото скрин

Бүгін түнде Атырау қаласы Дамба ауылынан шамамен 6 шақырым қашықтықта, Орал өзенінің жағалауында қамыс өртенді, деп хабарлайды Astana TV.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде өрт ошағының көлікпен жетуге қиын аумақта орналасқаны және арнайы өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жолдардың жоқтығы анықталды.

Өрт орнына жеке құрамды жеткізу үшін жүзу құралдары пайдаланылды. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт 1 гектар аумақта толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.