Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің акваториясындағы заңсыз әрекетті тоқтату бойынша белсенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Astana TV.
Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.
11,5 кг есірткі, 88 шақырым браконьерлік құрал-саймандар тәркіленді. Торлардан табылған 2337 бекіре және балық түрі табиғи мекендеу ортасына шығарылды.
Әкімшілік айыппұлдар 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде салынды. Мемлекетке келтірілетін, алдын алған залал 840 млн теңгеден астамды құрады.
ҰҚК Шекара қызметі теңізде белгіленген тәртіптерді сақтау қажеттігін еске салады.