Ұлттар лигасының жеребесі тартылады

ҚФФ

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы 2027 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребесіне қатысады, деп хабарлайды Astana TV.

3 қараша күні Швейцарияның Ньон қаласында 2027 жылғы УЕФА Әйелдер Ұлттар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді. Жеребе Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы С лигасында өнер көрсетіп, 2-себетке орналасты.

1-себет: Словакия, Израиль, Черногория, Латвия, Мальта, Люксембург;

2-себет: Хорватия, Қазақстан, Әзербайжан, Фарер аралдары, Молдова, Босния және Герцеговина;

3-себет: Эстония, Кипр, Армения, Грузия, Болгария, Солтүстік Македония;

4-себет: Андорра, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.

УЕФА жеребе рәсіміне сәйкес, С лигасында 22 құрама алты топқа бөлінеді. Оның төртеуінде төрт командадан, қалған екеуінде үш командадан өнер көрсетеді.