Ақмола облысында құтқарушылар өрт кезінде болуы мүмкін жарылыстың алдын алды
Бүгін Көкшетау қаласына қарасты Қызылжар ауылында, Абай көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден екі газ баллонын сыртқа шығарып, осылайша болуы мүмкін жарылыстың және оның салдарының алдын алды.
ТЖМ қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекетінің нәтижесінде өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.