Екі автобус пен бес жеңіл автокөлікті эвакуациялады

фото скрин

Өрт кезінде ТЖМ құтқарушылары екі автобус пен бес жеңіл автокөлікті эвакуациялады, деп хабарлайды Astana TV.

Шығыс Қазақстан облысының «112» пультіне Алтай қаласындағы Өнеркәсіп көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ТОО аумағында орналасқан гараждың шатыры жанып жатқаны анықталды.

ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өрт сөндіру жұмыстарына кірісті. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жану аймағынан екі автобус пен бес жеңіл автокөлікті қауіпсіз жерге эвакуациялап, олардың отқа орануының алдын алды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.