Марат Байқамуров Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Фото: olimpic.kz

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Astana TV.

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Адам Сангариевпен (Ресей) кездесті.

Нәтижесінде Марат Байқамуров қарсыласынан басым түсіп, қола медальға ие болды.