Ұлттық тасымалдаушы №3/4 "Нұрлы жол – Алматы-2" бағыты бойынша билеттерге 25% жеңілдік жариялады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ еліміздегі сұранысқа ие бағыттардың бірінде теміржол билеттеріне арнайы апталық жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды Astana TV.
2026 жылғы 2 – 5 қараша аралығында №3/4 "Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға болады. Бұл ұсыныс жолаушыларға Астана мен Алматы қалалары арасында тиімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік береді. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады, – деп жазылған хабарламада.