Ақмола облысында Астана – Петропавл тасжолында бірнеше көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Astana TV.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екі адам оқиға орнында қаза тапты, кейінірек біреуі ауруханада қайтыс болды, басқа да жарақат алғандар бар. Қазіргі уақытта полиция оқиға орнында жұмыс істеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатыр. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталады, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.