Құрылтайдың Цифрландыру, инновация және ғылым комитеті жанынан құрылған 8 сараптамалық кеңеске ұсыныстар жолдауға арналған арнайы бөлім ашылды, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл бастама азаматтармен және сарапшылар қауымымен ашық пікір алмасуға, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды, сондай-ақ тиісті салаларды дамытуға қатысты тың идеялар мен бастамаларды жинақтауға мүмкіндік береді.
Енді әрбір азамат пен сала маманы Құрылтайдың ресми сайты арқылы өз ұсыныс-пікірлерін жолдай алады. Ортақ мақсатымыз – қоғам мен сарапшылардың ұсыныстарын ескеріп, еліміздің дамуына ықпал ететін тиімді шешімдерді қалыптастыру.
__
🌐НА САЙТЕ КУРУЛТАЯ ОТКРЫТ СПЕЦИАЛЬНЫЙ РАЗДЕЛ ДЛЯ ПРИЁМА ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЭКСПЕРТОВ
На официальном сайте Курултая открыт специальный раздел для направления предложений в 8 экспертных советов, созданных при Комитете по цифровизации, инновациям и науке.
Данная инициатива направлена на развитие открытого диалога с гражданами и экспертным сообществом, сбор предложений по совершенствованию действующего законодательства, а также новых идей и инициатив в соответствующих сферах.
Теперь каждый гражданин и специалист может направить свои предложения через официальный сайт Курултая. Наша общая цель — учитывать мнение общества и экспертного сообщества при выработке эффективных решений, способствующих развитию страны.
t.me/quryltairesmi