Ертең өтінімдер қайта қабылданады. Бұл туралы «Отбасы» банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.
Жобаның бұл кезеңіне 20 млрд теңге бөлінген. Шарттары өзгеріссіз қалды.
Бастапқы жарна:
Астана мен Алматы қалалары үшін 20 %,
Өзге аймақтар үшін 15 %-дан кем болмауы керек.
Салымшы кейінгі 6 айдағы ресми табысын растауы қажет. Қарыз сомасы 50 млн теңгеге дейін, ал жылдық мөлшерлемесі 14,8 % болады. Жаңа үйлермен қатар қайталама нарықтан баспана таңдауға болады.