Павлодарлық әйел үш баласына бірнеше жыл бойы алимент төлемеген

фото: gov.kz

Павлодар қаласында үш баласын тиесілі алиментті бірнеше жыл бойы төлемеген әйел жауапкершілікке тартылды. Оның берешегі 6 миллион 936 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды  Astana TV. 

Алимент төлеуден жалтарған әйелге іздеу жарияланып, полицейлер оның жүрген жерін анықтаған.

 Бірнеше жыл бойы алимент төлемеген борышкерге қатысты әкімшілік материал толтырылып, соттың қарауына жолданды. Сот шешімімен әйелге 20 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған. Сонымен қатар оған сот шешімін орындау үшін үш ай мерзім берілді, — деп хабарларды полиция департаменті.