Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль жолдары саласын реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Astana TV.
Жиында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттер аясында жол құрылысының сапасын арттыру және заманауи автомобиль жолдары желісін қалыптастыру мәселелері қаралды. Премьер-министрге жол жабынындағы жарықтардың пайда болуы, ойықтардың және өзге де ақаулардың негізгі себептері, сондай-ақ өңірлердің климаттық жағдайлары мен нақты көлік жүктемелерін ескере отырып, қолданыстағы нормативтерді жаңарту жөніндегі ұсыныстар баяндалды.
Жол жабындарының сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар:
-текше пішінді қиыршықтастың ұсақ фракцияларын пайдалану, негіздік битумды және оның иілгіштігін қамтамасыз ету үшін модификациялау әдістерін қолдану;
-модификацияланған битум түрлерінің ойықтар мен жарықшақтардың пайда болуына төзімділігін арттыру;
-жол жабындарының беріктігін қамтамасыз ету үшін тұтастығын бұзбай бақылау әдістерін қолдану және жаңа технологиялар енгізу, жарық шағылысатын жол белгілері мен жол таңбаларын пайдалану.
Кеңесте автомобиль жолдарын салу және пайдалану сапасының стандарттарын жетілдіру, жол құрылысына қажетті материалдар дайындау мен қолданудың барлық кезеңінде технологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ жол жабынының сапасы мен ұзақмерзімді беріктігі үшін мердігер ұйымдардың жауапкершілігін күшейту мәселелері талқыланды. Талқылауға Құрылтай депутаттары Замир Сағынов пен Мейрхат Қасымбаев, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Бағдат Телтаев және басқалар қатысты. Кеңеске қатысушылар автомобиль жолдарын салу және пайдалану мәдениетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп битумды тасымалдау және сақтау жүйесіне түгендеу жүргізілгенін баяндады. Оның қорытындысы бойынша өнім сапасын арттыру, зауыттардың біркелкі жүктелуін қамтамасыз ету және жақсартылған сипаттамалары бар полимерлі-модификацияланған битум өндірісіне көшу тәсілдері әзірленді. Каспий битум және Павлодар мұнай-химия зауыттары тиісті өтінімдер болған кезде 50/70 және 70/100 маркалы өнімдерді, сондай-ақ полимерлі-модификацияланған құрамдарды шығаруға дайын