Қазақстанда шетел азаматтарының елге кіру және болу тәртібі өзгерді. 1 қарашадан бастап визасыз келетін шетелдіктерге электрондық рұқсат алу талабы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Astana TV.
Алғашқы кезеңде жаңа тәртіп Ақтау халықаралық әуежайы мен төрт автомобиль өткізу бекетінде қолданыла бастады. Олар - Павлодар облысындағы «Үрлітөбе», Жамбыл облысындағы «Аухатты», Түркістан облысындағы «Атамекен» және Жетісу облысындағы «Нұрлы Жол» бекеттері.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап талап Астана мен Алматы әуежайларында енгізіледі. Ал 1 наурыздан қалған барлық шекара бекеттеріне осы талап қойылмақ.