Qarmet компаниясы №8 және №9 жаңа кокс батареяларын келесі жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба аясында жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіретін жаңа қуат іске қосылады.
Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды. Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған. Бас технологиялық серіктесі – ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы.
Екі батереяның жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге жетеді. Әр батереяда камерасының биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пеші жұмыс істейді.
Осылайша, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір химиясы кешені құрылады.