Өзбекстанға жарысқа барған 16 қазақстандық бала ауруханаға түсті

Өзбекстанға жарысқа барған 16 қазақстандық баланың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түсті.  Олар "Dostlik Cup 2026" халықаралық футбол турниріне Қарағандыдан барған. Ата-аналардың айтуынша, Ташкенттегі қонақүйде таңғы ас ішкен соң спортшылардың іші ауырып, қызуы көтерілген. Тек жұмыртқа жеген балалар зардап шеккен көрінеді. Ал одан дәм татпаған 8 бала мүлдем ауырмаған. Күтпеген жағдайға тап болған отандастарымыз қазір қалалық инфекциялық ауруханада ем алып жатыр. 

Көмекке мұқтаж барлық Қазақстан азаматтары Өзбекстан Республикасының мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды, оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетілуде. Қазақстандық дипломаттар отандастарымыздың туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыс орнатып, аталған мәселені тұрақты бақылауда ұстап отыр.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Турнирге Қарағанды облысынан  60 бала, 32 ата-ана және төрт жаттықтырушы барған. Әзірге жаппай аурудың неден болғаны нақты анықталмаған.  Жағдай тұрақталса, елге жеткізіледі.  

ГҮЛНҰР, АТА-АНА:

Қазір енді бәрі дәрігерлердің бақылауында. Мына жерде министрлік, СІМ, елшілік бәрі жүр. Бәрі қолдан келгенше әрекет етіп жатыр. Барлық жағдайды жасады. Бірақ балалардың халі әлі сол қалпы. Кейбірінде температура. Кейбірінде диарея, құсу.