Мәслихат сайлауы: 10 мыңнан астам кандидат тіркелді

Қазақстанда 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына 10 мың 971 кандидат тіркелді. Оның 1219-ы партиялық тізімге енсе, 9752 үміткер бірмандатты округтер бойынша бақ сынайды. Орта есеппен бір депутаттық орынға үш кандидат таласады.  Елде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. 28 қараша тыныштық күні болып белгіленді. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру бюллетеньдерінің үлгісін бекітіп, жеті саяси партияның орналасу ретін жеребе арқылы анықтады. Сондай-ақ тұрақты тіркеуі жоқ азаматтарға сайлау күні 218 учаскеде уақытша тіркеліп, дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. 

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету маңызды.