Электр энергиясының тапшылығын жою және жаңа станциялар салу – энергетика саласының кезек күттірмейтін міндеті. Президент Жолдауында 2029 жылға қарай елде тұрақты энергия профицитін қалыптастыруды тапсырды. Құрылтайдың Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің кеңейтілген отырысында тапсырманың орындалу барысы талқыланды. Депутаттар энергетикалық жобалардың уақытылы жүзеге аспай жатқанына алаңдаушылық білдірді. Жоғары аудиторлық палатаның дерегінше, «Самұрық-Энергоның» тоқтап қалған жобалары салдарынан 199 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған.
СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Сын айтылған жобаларды қазір тездетіп осы жылы, келесі жылы аяқтау керек. Ол Түркістан облысында салынып жатқан ГЭС, 1000 МВТ Алматы қаласының ЖЭС газға ауыстыру мәселесәін нақты қолға алу керек.
Депутаттар құрылысы кешеуілдеген жобаларға кім жауапты екенін анықтап, бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты нақты есеп беруді талап етті. Ал сала өкілдері энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған инвестициялық жобалар мен жаңа станциялар құрылысы жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ендігі міндет - басталған жобаларды белгіленген мерзімде аяқтап, елі тұрақты энергиямен қамтамасыз ету.