Президент Жолдауындағы басым бағыттарды халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2026

Президент Жолдауындағы басым бағыттарды халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатта Құрылтай депутаттары халықпен кездесіп, Мемлекет басшысының технологиялық тұрғыдан дамыған, әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жолдарын талқылады. 

Елорданың Нұра ауданындағы жиында Жолдауда белгіленген міндеттер, соның ішінде цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы жаңа технологияларды табыс көзіне айналдырып, кәсіпкерлікке тың мүмкіндік ашу міндетін қойған болатын. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және бизнесті қолдау шаралары түсіндірілді. 

БАҒДАТ МУСИН, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Талант дейік. Жасөспірім. Талант креативті бірақ ол қазіргі таңда жұмыс істеу үшін бір үлкен қалаларға ұмтылу қажет. Бірақ сол қалаларға ұмтылмай сол жерде жергілікті ортада тұрып, тұрмыс жағдайын жақсартып, сол жерде тұруға бейімделетін болса, ол цифрлық экономикаға яғни сол жерде отырып, дүниежүзіне паш ететін өнім жасауға өзінің мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ Astana Hub орталығында Құрылтай депутаттары Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиевтің жетекшілігімен IT саласының өкілдерімен кездесті. Жиында өнімділігі жоғары цифрлық экономиканы қалыптастыру, жасанды интеллектіні коммерцияландыру және жаңа технологиялар арқылы мемлекеттік аппараттағы бюрократиялық кедергілерді азайту мәселелері талқыланды. 

ДАРХАН АХМЕДИЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекеттік қызметтерден ТОП-10 мемлекеттің арасына кіріп отсақ, яғни келесі этап бұл цифрландыру саласын жай ғана мемлекеттік қызметті алу емес, осы интернетті пайдалана отырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып, өзіміздің әлеуметтік жағдайымызды көтеру. Экономикамызды көтеру.

Ал Алматыда депутаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттерімен кездесіп,  Жолдаудағы цифрландыру, жасанды интеллект және ғылымды дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. 

АЙЖАН СКАКОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Студенттерді өздерін дамытуға қандай мүмкіндіктер бар екені қызықтырады. Жұмыссыздық мәселесі айтылды. Тәжірибесі болмағандықтан, бірден іске кірісу оңай емес. Өз тарапымнан айтарым, су ресурстары бағытындағы жұмыстарды дамытып келеміз. Бұл салада жастарға әрдайым сұраныс бар. Жастар күндіз-түні еңбек етіп, біліктілігін арттыруға дайын болуы қажет.

Түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық өңірін қамтиды. Депутаттардың сапары арнайы құрылған жұмыс топтарының құрамында кезең-кезеңімен өтеді.