Қызылорданың шет аймағындағы шағын ауданда заманауи емхана салынып жатыр

Қызылорда қаласының шет аймағындағы шағын аудан тұрғындары өте тар, ескі ғимартта ем алуға мәжбүр. 1966 жылы салынған медициналық нысан қажетті нормадан 6 есе кіші дейді мамандар. Алайда түйткілді мәселенің түйіні тарқатылды. Жаңа замануи ғимараттың құрылысы қарқынды жүруде.
Ескі емхана ғимараты 60 жыл бұрын салынған. Жыл өткен сайын тозып барады. Тұрғын саны артып, емдеу мекемесінің қамту аумағы кеңейген. Сондықтан нысанның сыйымдылығы да тарлық ете бастағын.  

БАҚЫТГҮЛ ӘБЖАППАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

Поликлиника салынып жатыр деп жатыр. Амбулаториясымен. Қуанып жатырмыз. Өйткені ол кеңейді. Бір жерден бәрі табылса, ем болсын, амбулатория болсын. Әйтеуір, екпе болсын, анализдер болсын. Халыққа не керек сол салынып жатыр дейді ғой. Соған өте қуанып жатырмыз. 

Құрылыс алаңында жұмыс қызу.  Еңсесі биік, заман салабына сай салынып жатқан ғимарат 400 келушіге арналған. Озық технологиялармен жабдықталатын нысанда тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік мол дейді мамандар. 

БАУЫРЖАН ҚУАНЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Соңғы үлгідегі замануи құрал-жабдықтармен қамтылатын болады. Компьютерлік томография, момография, флюрография аппараттары. Эксперт кластағы ультрадыбыстық зерттеу аппараттары. Сонымен қатар, бұл жерде барлық тар буынды мамандар бар, жалпы тәжірибелі мамандарына арнайы жабдықталған өзінің бөлмелері, кабинеттері орын алатын болады. 

Аймақтың құрылыс саласында биыл 63 жоба жүзеге асуда. Соның негізінде 3 емдеу мекемесі салынып жатыр. 

АЙДЫН ӘНУАР, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

200 төсек-орынға арналған перенаталдық орталықтың құрылысы. Жалпы 39,900 шаршы метрді құрайды жобамыз. Осы жыл соңына дейін табыстауды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, бізде 39 мың шаршы метрді құрайтын 300 төсек орынға арналған емханамыздың, больницамыздың құрылыс жүргізілді. Оның ішінде 100 келушіге арналған емханасы бар және онкологяилық бөлімшесі бар. 

Жаңа нысандар биыл пайдалануға беріледі. Бұл саланың материалдық-техникалық әлеуетін одан әрі нығайта түспек. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ.