Англиялық «Бернли» футбол клубының бас бапкері Фабио Челестини қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың денсаулығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Astana TV Aladop.kz.-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, жас футболшының санының артқы бөлігіндегі бұлшықет жарақаты қайта мазалап, оның ұзақ уақытқа қатардан шығып қалу қаупі бар.
Челестини қазіргі уақытта «Бернли» мен лондондық «Челси» клубтарының медициналық мамандары футболшының жағдайын бірлесіп бақылап отырғанын жеткізді.
«Қазір біз «Челсимен» тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Дастанның санының артқы бөлігіндегі бұлшықетінде жарақат бар. Сондықтан оның жағдайын бірлесіп бағалап, күн сайын бақылауымыз қажет. Оның қанша уақыт алаңға шықпайтынын айту өте қиын. Мен бұл қызметке келгеніме небәрі 48 сағат болды. Қолымда көптеген ақпарат бар, бірақ әзірге барлық мәліметті толық білмеуім мүмкін», – деді Фабио Челестини.
Осылайша, Қазақстандық шабуылшының алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз. Клуб дәрігерлері оның жарақатын бақылап, қалпына келу барысына қарай шешім қабылдайды.