Шымкентте көпқабатты үй жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

Фото: pixabay

Шымкентте 16 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Astana TV. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт көпқабатты үйдің терезесінен құлап, қаза тапқан.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», - деп мәлімдеді Шымкент қаласының Полиция департаменті.