Тұман түсіп, қар жауады: 3 қарашаға ауа райы болжамы

Фото: ЖИ

Қазақстанның шығысында қар жауып, көктайғақ болады

3 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал шығыс өңірлерде қалың қар жауып, көктайғақ болады. Бірқатар облыста тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Astana TV «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астана

3 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел құбылмалы, жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +5...+7°C болады.

Алматы

3 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +3...+5°C, күндіз +16...+18°C болады.

Шымкент

3 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы +4...+6°C, күндіз +18...+20°C болады.