Жамбылдағы жанжал: комаға түскен оқушы елордаға жеткізіледі

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2026
Фото: pixabay

14 жастағы бала әлі есін жимаған

Жамбыл обылысына қарасты Бірлесу-Еңбек ауылында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан соң, комаға түскен 9-сынып оқушысының қазіргі жағдайына қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді, деп хабарлайды Astana TV.

Баланың жағдайы шын мәнінде де ауыр. Қазір 14 жастағы бала комада, оның ішінде медикаментозды комада жатыр. Баланың жағдайы тасымалдауға ешбір жатпайды. Республикалық Ұлттық шұғыл жағдайдағы медициналық көмек көрсету ұйымы телемедицина арқылы тиісті консультацияларды беріп, оқушының жағдайын бақылап отыр, — деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Бас дәрігердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақтала сала, Астанаға санитарлық авиация күштерімен жеткізу жоспарланып отыр.