Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

Шымкентте 16  қабатты тұрғын үйдің маңынан жас жігіттің мәйіті табылды. Оның өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мән-жайды полиция анықтап жатыр.  Алдын ала мәлімет бойынша, жігіт көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен болуы мүмкін. Полиция қылмыстық іс қозғады. 


ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

1 қарашада «БИИК» тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы ер адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.  ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.