Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды. Прокуратура дерегінше, ол бәсекелестікті қорғау заңын бұзған. Әкімдікке қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жобалаушы фирмалармен келісім жасайды. Яғни жобаны алдымен тегін жасатып, кейін бюджеттен осы іске ақша бөлгізуге ықпал еткен. Ал бұл бәсекелестікке қарсы әрекет болып саналады. Себебі барлық жоба ашық конкурспен таңдалуы керек. Осылайша заңды айналып өтуге тырысқан лауазымды тұлға кінәлі деп танылып, айыппұл арқалады.