"Әділет" партиясы жастардың бастамаларын қолдайды

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2026

Мемлекет басшысы 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Осы орайда жастарды  құрылыс жобаларына тарту жоспарланып отыр. Жолдау аясында Астанада «Bir Tolqynda» жастар диалог алаңы өтті.Онда  жасанды интеллектіні меңгеру, интернетті тиімді пайдалану және цифрлық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтерілді. Партия жастардың бұл бағыттағы бастамаларын қолдауға дайын. Атап айтқанда, «JASAMPAZ AI» және «Адал еңбек – Адал табыс» жобалары жүзеге асырылмақ. 
    

ЕРЖАН ХАМИТОВ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұндай кездесулер аймағымыздың барлық өңірінде өтуде. Қазір осыған дейін 10 мыңнан астам жас қатысты, 20 мыңға жуық осындай диалогтық алаңдар өтіп жатыр. Ол жерде әртүрлі бағыттар бойынша кездесулер, әртүрлі бағыттар бойынша эксперттер шақыртылып, жастармен талқылау жүзеге асырылуда