Ақтөбеде неке қию сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2026

Ақтөбеде неке қию сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті-  марқұмның бұрынғы жұбайы.  Куәгерлердің сөзінше, қайғылы жағдайдың алдында марқұм мен бұрынғы күйеуі арасында жанжал туындаған.  Нақты себебін  полиция анықтамақ.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ,   ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмыстың себептері мен салдарларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.