Балалардың жаппай ұшынуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстанда қазақстандық балалардың жаппай ұшынуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы көрші елдің Бас прокуратурасы хабарлады. Зардап шеккендер - халықаралық турнирге Қарағанды облысынан барған футболшы-жасөсіпірімдер мен олардың ата-аналары. Олар  Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы асқа шала піскен жұмыртқа мен шұжық жеген. Салдарынан 19 адам ауырып, эпидемиологиялық орталыққа жеткізілген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін санитариялық заңнама талаптарын, эпидемияға қарсы күрес қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.