Полицей қаза тапты: Ақмола облысында пикап полиция көлігіне соғылды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2026

Астана – Петропавл тасжолында «JAC T9» пикапы патрульдік көлікпен соқтығысып, полицей қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, пикап жүргізушісі жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтамай, арнайы жол техникасын сүйемелдеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған полицияның қызметтік көлігіне соғылған. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан патрульдік машинаның тас-талқаны шыққанан көруге болады. Жарақат алған полиция қызметкері шұғыл ауруханаға жеткізілген, алайда аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.