Енді сараптамадан өтпеген етті тамақтану орындарында пайдалануға тыйым салынады

Енді сараптамадан өтпеген етті қоғамдық тамақтандыру орындарында пайдалануға шектеу қойылады. Құрылтай жаңа заң жобасын қарады. Норма аясында  мал қорымдарына талап күшейеді. Енді жануарларды бұрыңғыдай кез келген жерде соя алмайсыз. Бұған қоса өнім сапасын жақсарту үшін қой мен сиырды өсіретін препарат салуға да тыйым салынған. Депутаттар бұл тұрғындарды қауіпті аурулардан сақтау үшін қолға алынды дейді.

БОТА ЕЛЕУСІЗОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мал сойған жағдайда немесе сатқан жағдайда үш күннің ішінде және мал ауруға шалдыққанда 1 күннің ішінде, сырғасы жоғалған жағдайда 3 күннің ішінде хабарлау заң аясында міндеттеледі.

Сондай-ақ жаңа заң жобасында мал дәрігерлерінің жалақысын арттыру көзделген. Енді мамандардың айлығы екі есе өсіп, 420 мың теңгеге дейін көтеріледі. Еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы да еселенеді.

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазіргі таңда мамандар жалақысы орташа есеппен 220 мың теңгені құрайды. Ал қазіргі мына заң қабылданса біздер оны 500 мыңға дейін көтеріледі деп болжап отырмыз. Оның ішінде қосымша төлем ақылар бар.