Атырау облысы Махамбет ауданында екі балабақша мен бір мектеп апатты жағдайда

Атырау облысының Махамбет ауданында 2 балабақша мен бір мектеп  апатты жағдайда. Халық мәселені өңірге келген депутаттарға жеткізді. Біреуінің техникалық қорытындысы дайын болса да, құрылыс әлі басталмай отыр дейді. Тұрғындарды мұнан өзге де түйткілдер толғандырады. Оның кейбірі Президент Жолдауында айтылғандықтан, алдағы уақытта шешілетініне сенеді. 

Жайық өзенін жағалай орналасқан Махамбет ауданы аймақтағы ауыл шаруашылығы дақылдарының 60 пайызын өндіреді. Сондықтан Жолдауда ауылды қолдау, суды үнемдеу, суды пайдалану мәдениетін қалыптастыруға  бағытталуы өте маңызды,- дейді. Сондай-ақ  елді-мекендерде  оңалту орталықтарын ашу мәселесін  қолдап отыр.

САМАТ ЖАЙЛАШЕВ, МАХАМБЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Себебі біздерде қазір мүмкіндігі шектеулі, туғаннан кейін тілдің шығуы, жәй шығатын сондай ұрпақтар  көбейіп келе жатыр балалар. Оларды қатарға қосу үшін осы бғыттағы жұмыстар жанданады деп ойлаймын.

АРАЙЛЫМ ЕРҒАЛИЕВА, МАХАМБЕТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Жолдауда білім саласын арттырумен қатар ұстаздың құқығын қорғау қажеттілігін атап өткен.  Ендігі жолда педагогтың кәсіби қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу, артық міндеттерден қорғау, еңбегін  бағалау қажет және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету басты міндет деп есептеймін.

Ауданда 2 балабақша мен бір мектеп  апатты жағдайда. Тіпті бірінің  техникалық қорытындысы дайын. Алайда әлі күнге жұмыс басталған жоқ. Ұстаздар  апатты білім ордаларына қатысты шешім шығару тетігін жеделдетсе,  деген ұсынысын айтты.

МУСА ХАЙРУЛЛИЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қойған сұрақтарды өзіме түртіп,  ұстаздарымыздың әңгімесі болды мектеп туралы, аурухана туралы, ұстаздар жетіспейді және дәрігерлер жетіспеушілігі бойынша. Бұл мәселе бар. Рас. Бірақ та ғимараттар  бойынша, мектептер бойынша, кеше өздеріңіз жақсы білесіздер,  жолдауда Мемлекет басшысы келесі жылы құрылыс жылы деп жариялаған. Оның ішінде құрылыс жылының ішінде 6,5 трлн  теңге қаражат бөлінеді деді. Соған инфрақұрылымын, құрылысын , аурухана, мүмкіндігі шектеулі жандарға  ғимараттар салатынын нақты  айтып өтті.

Кездесуде тұрғындар Жайық өзенінен су  жинайтын қойма салу ұсынысын да жеткізді. Бұл ауылдағы шаруалар үшін үлкен қолдау болар еді,- дейді.