ҰБТ форматы өзгереді

Енді ҰБТ форматы өзгереді. Жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін жаңа Admissions Insight Test емтиханы әзірленуде. Жаңа формат жаттап алуды емес, сыни ойлауды, цифрлық сауаттылықты және жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын бағалайды. Ал әзірше Бірыңғай ұлттық тестілеу форматы толықтай сақталады. Жаңа емтихан келер жылы   сынақтан өткізіліп, 2028 жылы шетелдік университеттердің филиалдары үшін пилоттық режимде іске қосылады. Ал оны ұлттық деңгейде толық енгізу мәселесі 2029 жылы  қарастырылмақ. Барлық өзгеріс ғылыми зерттеулер мен пилоттық сынақ нәтижелерінен кейін ғана бекітіледі.