Құрылтайдағы қоғамдық қабылдау: Өткен айда 183 азаматтың өтініші қаралды

Әділет партиясы

Азаматтар негізінен қылмыстық және азаматтық істерге, тергеу барысы мен сот шешімдеріне қатысты мәселелерді көтерді

Қазан айында «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері 183 азаматты онлайн және офлайн форматта қабылдады, деп хабарлайды Astana TV.

Азаматтар негізінен қылмыстық және азаматтық істерге, тергеу барысы мен сот шешімдеріне қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ баспана, үлескерлердің құқықтары, жер қатынастары, әлеуметтік көмек, зейнетақы, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша жүгінді.

Нәтижесінде 170 азаматқа тиісті түсініктеме беріліп, 11 өтініш бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарына хаттар мен сұраулар жолданды. Тағы екі азамат үшін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінде жеке қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша жұмыс жалғасуда.